ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қазан 2021 | 22:18
Нұрсұлтан Назарбаев күрделі ота жасатқанын айтты
Нұрсұлтан Назарбаев омыртқасына ота жасатқаны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұрсұлтан Назарбаев омыртқасына ота жасатқаны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазір бұрын ешқайда айтпаған дүниені айтайын. Мен омыртқама, беліме ота жасаттым, өте күрделі ота. 8 наурызда (2011 жылғы - ескерт.) концертте отырғанбыз. Концерт бітті, орнымнан тұрдым. Бітті, аяғымды баса алмаймын. Бірдеңе болды. Күзет офицерін шақырдым да, "қасыма тұр" дедім. Адамдар байқамауы үшін оның қолынан таяқ ұстағандай ұстап алып жүрдім. Зал лық толы. Міне, осылай болды", - деді Назарбаев "Штрихи к портрету. Откровение" деректі фильмінде берген сұхбатында.
Оның айтуынша, сараптама кезінде омыртқасында ақау бары белгілі болған. Кейін ота жасалған.
"Бала кезімде қызыл отряд командирі туралы фильм көргенмін. Ол жараланады, ал отряд шабуылға шығуы керек. Бірақ ол қолын таңып, пальтосын киіп, жасақ алдында тұруы керек болды. Президент те сондай. Президент науқас болса, ол мемлекетті басқара алмайды. Жағдайы қиын болса, елдің жағдайы қандай болады? Ел қиналуы керек пе? Ел аралап, кездесу өткізуді жалғастыруы керек, 350 кездесу. Ал денсаулық жарамаса қалай кездесу өткізесіз?
2011 жылы болатын. Одан кейін де емделуге тура келді, ол күрделі ота еді. Маған тәжірибелі, жақсы хирург кездесті. Бұл да маңызды шешім шығаруыма себеп болды. Бұл туралы ешқашан айтқан емеспін. Мұны қалай айтамын және қалай жұмыс істеймін? Кету керек. Бірақ кетуге дайын болмадым, өйткені ізбасар мәселесі шешілмеді және т.б.", - деді Назарбаев.
Ол биліктен кеткеніне екі жылдан аса уақыт өткеннен кейін де таңдауына өкінбейтінін айтты.
"Осы жағдайдан кейін, ешқашан ауырған емеспін, қазір де ауырмаймын", - деп қосты Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также