Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге жұмыс сапарымен келді

Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге келді. ©REUTERS

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеуге келді деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап."Отырыс барысында еуразиялық экономикалық интеграция мәселелері, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті жайттары қаралады", - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Бүгін - 5 наурызда өтетін бұл отырысқа Ресей мен Беларусь Президенттері де қатысады. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысынан бөлек ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесуді де жоспарлап отыр. "11 наурызға жоспарланған келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастық пен өзекті халықаралық мәселелерін жоғары деңгейде талқылау көзделіп отыр", - делінген Кремльдің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Бұл кездесу - Владимир Путиннің бастамасы.
Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама