28 қараша 2016 | 21:14

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік БАҚ басшыларымен кездесті

© akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесуге Президент Әкімшілігі басшылығының, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Реклама
Реклама

Кездесу барысында еліміздің мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары Елбасыға өздері басқарып отырған ұйымның қызметі туралы баяндады.

Қазақстан Президенті сондай-ақ мемлекеттік БАҚ-тардың жетістіктерімен және даму жоспарларымен танысты. Мемлекет басшысы жастарға адамгершілік тәрбие беруге ықпал ететін сапалы отандық медиаконтент әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.

"Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары медиа нарықта өз орнын иеленуі  үшін жұмыс істеуі керек. Қызықты және ақпаратты контенттің, соның ішінде әлемдік мәдениет және тарих туралы контенттің көбірек болғаны қажет", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Отандық БАҚ басшылары Мемлекет басшысына Қазақстанның ақпарат кеңістігіндегі қазіргі ахуал мен оның даму келешегі туралы айтты.

Соңында Қазақстан Президенті бәсекеге қабілетті мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарын қалыптастыру қажеттігін атай отырып, бірқатар нақты тапсырма берді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная