Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Нығматулинмен кездесті

© akorda.kz

Н?рс?лтан Назарбаев Парламент М?жілісіні? т?ра?асы Н?рлан Ны?матулинді ?абылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин Мемлекет басшысына заң жобалау жұмыстары жоспарын орындау аясындағы Парламенттің төменгі палатасының үшінші сессия кезеңіндегі қызметінің қорытындылары жөнінде мәлімдеді.

"Мәжіліс 24 заң жобасын, соның ішінде үшжылдық бюджетті, салық, әкімшілік және кеден кодекстерін, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қабылдады. Осылайша, заң жобаларының барлық топтамасы Сенатқа жолданды", - деді Нұрлан Нығматулин.

Реклама
Реклама

Кездесу соңында Елбасы Қазақстанның үшінші жаңғыруы үрдісін уақтылы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аясында Парламент Мәжілісі қызметінің маңызды екенін айтты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама