Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімдерімен кездесті

©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімдерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

"Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған жаңа экономикалық бағдарламаны іске асыруға елдің барлық өңірін жұмылдыру қажеттігін атап өтті", - делінген хабарламада. 

Назарбаев алға қойылған барлық міндетті іске асыруда облыс әкімдерінің қолындағы мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға көңіл аударды. Әкімдер Президентті өздері басқаратын өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық даму мен шешуші мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы жөнінде хабардар етті. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, бүгін Астанада "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, одан кейін Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жария етті. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама