Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентін туған күнімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентін туған күнімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, амандық және жоғары мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары елдеріміздің қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін атап өтіп, басым бағыттар бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара іс-қимылды жалғастыру жөнінде уағдаласты.

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, 21 шілдеде ҚР Президенті қысқа мерзімді демалысқа шықты.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама