Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Камила Долаева Журналист
Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті отандастар! Сіздерді Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Құрбан айт - әлемдегі бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті мейрам, жақсылықтың, қайырымдылық пен кеңпейілділіктің символы. Бұл мереке бейбітшілік, бірлік және келісім сияқты жалпы адами құндылықтарды қастерлеуге үндейді", - деді Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы Құрбан айт және басқа да діни мейрамдар қоғамда рухани-адамгершілік негіздерін нығайтуға септігін тигізетіні және ізгі ниет пен игілікті амалдар арқылы көрініс табатыны қуантатынын айтты.

Реклама
Реклама

"Осы мейрамда айтылған игі тілектеріңіздің бәрі орындала берсін! Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!", - деді ол.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама