Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

© Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің православие христиандарын және қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл мереке адамдардың бойына сенімнің, үміттің және сүйіспеншіліктің сәулесін дарытып, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтардың айналасына біріктіріп жатыр. Рождество діндарлардың жүректерін ерекше қуанышқа, бақытқа және таза пейілге кенелтеді. Бұл өзара түсіністік пен мейірімділіктің, жақын жандарға қамқорлықтың және көмекке зәру адамдарға шынайы көңіл бөлудің уақыты", - деді Мемлекет басшысы.

Елбасының айтуынша, барлық конфессия өкілдерімен бірге православие христиандары қазақстандық қоғамдағы конфессияаралық келісімді, тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосып жатыр. 

Реклама
Реклама

"Жарқын Рождество мерекесінде шын жүрегімнен баршаңызға зор денсаулық, бақыт, молшылық және игілік тілеймін", - деді Елбасы.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама