02 сәуір 2019 | 16:08

Нұрсұлтан Назарбаев сыныптастарымен кездесті

© akorda.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Алматы облысы Қарасай ауданына барған сапарында бірге оқыған сыныптастарымен және бала кездегі достарымен кездесіп, әңгімелесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Алматы облысы Қарасай ауданына барған сапарында бірге оқыған сыныптастарымен және бала кездегі достарымен кездесіп, әңгімелесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Әңгімелесу барысында Елбасының ескі достары өздерінің естеліктерін бөлісіп, өңірдің қазіргі даму жағдайын талқылады", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Тұңғыш Президенттің жанында өңір басшысы Амандық Баталов жүрді. 

Қазақстанның Тұңғыш Президенті "Атамекен" тарихи-мәдени орталығында Шамалған ауылының тұрғындармен жүздесті.

"Туған ауылыма келген сайын әрқашан балалық шағымды жылы сезіммен еске аламын. Менің жүріп өткен жолым оңай болған жоқ, мемлекетіміздің ілгерілеуі мен өркендеуі үшін көп еңбек еттім. Шаршаған кездерімде әкем екеуіміз жиі серуендеген Шамалғанның көшелері мен тау бөктерлерін есіме алатынмын. Сол сәтте-ақ шаршағаным басылады", - деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті жүргізіліп жатқан саясаттың арқасында еліміздің халықаралық аренада мойындалғанын атап өтті.

"Біз үлкен жұмыс атқардық. Бұрын ешкімге белгілі болмаған Қазақстан бүгін бүкіл әлемге танылды. Қазақстандықтар түрлі елдерге барып, дүние жүзінің ең үздік оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы алдағы қызметі жөніндегі жоспарларына тоқталды.

"Мен Елбасы ретінде стратегиялық мәселелерге көңіл бөлетін боламын. Қасым-Жомарт Тоқаев менің артқан үмітімді ақтайды деп сенемін", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев елімізді жаңғырту жөнінде қабылданып жатқан шаралар, ең алдымен, жастарды қолдауға және олардың дамуына бағытталғанын атап өтті.

"Мен Қазақстанның болашағы жарқын болатынына сенемін. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Кім бизнес ашқысы келсе, оған несие беріледі. Мамандығы жоқ болса, мемлекет оған жаңа кәсіптік білім береді. Мәселе жұмыстың жоғында емес, мамандықтың болмауында. Сонымен қатар, біз ауылдарды дамыту үшін көптеген бағдарламаларды жүзеге асырып жатырмыз", - деп түйіндеді Елбасы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев биыл елімізде теңдесі жоқ әлеуметтік шаралар қолға алынып отырғанын атап өтті. Республикада азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру жөнінде түрлі бағдарламалар іске асырылуда. Сонымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш Президенті қоғамда патерналистік түсінікке жол бермеудің маңыздылығына баса назар аударды.

"Кез келген ер адамның ар-намысы болуға тиіс. Бала тәрбиесі, ең алдымен, ата-ананың жауапкершілігі. Ал мемлекет ата-аналарды жұмыспен қамтып, балаларын асырауына жағдай жасауы керек", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Соңында Елбасы кездесуге қатысушыларға табыс тілеп, олардың жаңа белестерді бағындыруына ниеттестік білдірді, сондай-ақ барлығын Отанымыздың игілігі үшін еңбек етуге шақырды.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қарасай ауданы, Шамалған кентіндегі дене шынықтыру және сауықтыру кешені құрылысының жүргізілу барысымен танысты. Нысанды салу жұмыстары аяқталуға жақын.

Мұнда бокс және тренажер залдары, күрес үйірмесі, жүзу бассейні, теннис корты және басқа да спорттық инфрақұрылымдар жұмыс істейтін болады.

Аудандағы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешеннің құрылысы Елбасының тікелей қолдауымен және оның жеке қаражатына салынуда.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная