ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қаңтар 2020 | 17:46
Нұрсұлтан Назарбаев Талғат Мұхтаровты қызметінен босатты
Талғат Мұхтаров Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі
ПОДЕЛИТЬСЯ
Талғат Мұхтаров Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Талғат Сәбитұлы Мұхтаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды", - деп жазды Елбасы баспасөз қызметінің жетекшісі Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында.
Талғат Мұхтаров 1966 жылы 5 наурызда Теміртау қаласында дүниеге келген.
Әр жылдары Бас прокуратурада, Мемлекеттік тергеу комитетінде және Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істеді. Қорғаныс министрінің орынбасары болды. Генерал-лейтенант. Үйленген, 7 баласы бар.
Показать комментарии
Читайте также