Нұрсұлтан Назарбаев "Теннис орталығы" спорт кешеніне барды

© akorda.kz

?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев теннис орталы?ында болып, 6 теннис корты, соны? ішінде 3 жабы? корты бар кешен аума?ын аралап к?рді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев теннис орталығында болып, 6 теннис корты, соның ішінде 3 жабық корты бар кешен аумағын аралап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жас теннисшілермен кездесіп, әңгімелесті. Соңында Қазақстан Президенті спортшыларға мықты денсаулық пен жарқын жеңістер тіледі.

Айта кетейік, спорт кешені 2015 жылы жергілікті бюджет есебінен салынған.

Реклама
Реклама

2016 жылдың басынан бері ашық және жабық корттарда бірнеше республикалық жасөспірімдер турнирі, сондай-ақ әуесқойлар мен ардагерлердің турнирлері өтті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Күш қолданылатын спорт түрлері академиясында болды.

Қазақстан Президенті Қостанай қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Күш қолданылатын спорт түрлері академиясына барды.

Елбасы спорт залын аралап көріп, жергілікті спортшылармен, сондай-ақ Қазақстанның ауыр атлетикадан жасөспірімдер құрамасының мүшелерімен әңгімелесті. Академия спорттың ауыр атлетика, пауэрлифтинг, бодибилдинг, армрестлинг сияқты түрлерінен спортшылар дайындайды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама