Нұрсұлтан Назарбаев Тимур Құлыбаевты қабылдады

?Р Президенті Н?рс?лтан Назарбаев "Атамекен" ?лтты? к?сіпкерлер палатасы президиумыны? т?ра?асы Тимур ??лыбаевты ?абылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының қазіргі қызметі жөнінде мәлімет берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнесті қолдаудың маңыздылығына тоқталып, бұл бағыт бойынша мемлекет қабылдаған шаралардың нәтижелерін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Соңғы кезде біз құқық қорғау және жергілікті органдар тарапынан шағын және орта бизнесті қолдауға арналған көптеген маңызды шешімдер қабылдадық. Мұның ішінде шағын несие беру мәселесі де, жұртты бизнеске үйрету мәселесі де бар", - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтардағы іс-қимылымен, оның ішінде жұртшылыққа бизнес жүргізу негіздерін үйрету саласындағы жұмыстарымен танысты.

"Біз өткен жылы "Бастау" бағдарламасын бастадық. Бұл - 30 күн ішінде алдын-ала іріктеу өткізіп, жұртқа бизнестің әліппесін ұғынуға мүмкіндік беретін айлық оқу курсы. Әкімдіктермен бірлесіп, шағын қаржы ұйымдарын құрып, бітірушілерді қаржыландырдық. Біз бұл бағдарламаны Үкіметке ұсындық және қолдауға ие болдық. Биылғы жылы 1 миллиард 200 миллион теңге бөлінді. Бағдарлама аясында еліміздің 80 ауданында жұмыс жүргізіп, 15 мың адамды оқытатын боламыз, - деді Құлыбаев.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама