ПОДЕЛИТЬСЯ
28 маусым 2021 | 17:56
Нұрсұлтан Назарбаев Валентина Матвиенкомен кездесті
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында Елбасы Қазақстан мен Ресей арасында барлық саладағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті.
"Ресей біздің жақсы көршіміз ғана емес, сонымен қатар стратегиялық серіктесіміз. Сіздің сапарыңыз парламентаралық байланыстарды дамыту ғана емес, мемлекетаралық қатынастарды нығайту болып отыр", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Валентина Матвиенко Нұрсұлтан Назарбаевты келе жатқан 6 шілде - Астана күнімен және биыл атап өтілетін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.
"Мен Сізді келе жатқан мереке - қала күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіз жас Қазақстанның жаңа астанасын құруға тікелей атсалыстыңыз. Биыл мемлекет тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтесіздер. Осы 30 жыл зымырап өте шықты. Бүгінде Қазақстан посткеңес елдеріндегі ең тиімді мемлекеттердің бірі. Сіз дамыған мемлекеттік институттары мен өркениетті нарықтық экономикасы бар тәуелсіз егеменді ел құрдыңыз. Жемісті жол өтті, бүгінде Қазақстан атымен, атағымен, ішкі және сыртқы саясатымен әлемдік қоғамдастықта беделді мемлекетке айналды", - деді ресейлік Федерация Кеңесінің төрағасы.
Валентина Матвиенко Елбасының Қазақстан мен Ресей қатынасының қалыптасуы мен дамуындағы ролін ерекше атап өтті.
"Сіз әрқашан Ресей-Қазақстан қатынасын құруда берік ізбасшы болдыңыз. Себебі ол Қазақстанның стратегиялық, геосаяси және ұлттық мүддесі болды. Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында біз мемлекетаралық қатынастарды құрудың тиімді жолынан өттік және сол арқылы өзара тиімді, тең құқықты, сыйлы ынтымақтастықтың тиімді моделін жасадық", - деді Матвиенко.
Матвиенко бұған дейін Қазақстан мен Ресейдің аумақтық тұтастығы туралы айтқан болатын.
Сондай-ақ, Валентина Матвиенко Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также