Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады

Дина Муратова Редактор
© Фото: akorda.kz

Кездесуде Дархан Қыдырәлі Нұрсұлтан Назарбаевқа Халықаралық Түркі академиясының қазіргі қызметі және алдағы жұмыс жоспары туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тлішісі Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында ол Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің отырысында берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады.

Халықаралық Түркі академиясының президенті, сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалардың негізгі бағыттарының жүзеге асырылу барысы жөнінде ақпарат берді.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Дархан Қыдырәлі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа түркі әлемінің тарихына және тәуелсіз Қазақстанның дамуына арналған бірнеше кітап пен туындыны таныстырды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама