Нұрсұлтан Назарбаевқа "Түрікменнің Ел ағасы" құрметті атағы берілді

Назарбаев "Түрікменнің Ел ағасы" атанды. ©akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Түрікменнің Ел ағасы" атанды. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың нығаюына қосқан үлесі үшін осындай атақ пен төсбелгіні сейсенбі күні Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов тапсырды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Естеріңізге сала кетсек, 2 желтоқсан күні Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстанға ресми сапармен барды. Сапар барысында Қазақстан Президенті Қазақстан-Түрікменстан-Иран халықаралық теміржол магистралінің ашылу салтанатына қатысады деп жоспарланған.

Елбасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, келіссөз барысында Нұрсұлтан Назарбаев біздің ел Түрікменстанды туыс және сенімді серіктес санайтынын жеткізген. Сондай-ақ Назарбаев тауар айналымы деңгейінің өскенін, алдағы уақытта сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі арттыру керек екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Әлемде болып жатқан келеңсіз өзгерістерге қарамастан Қазақстан мен Түрікменстан арасында сауда қатынасының өскені байқалады. Бұл біздің экономикамыздың дамығанын көрсетеді. Біз сауда-саттық көлемін миллиард долларға жеткізу үшін бар мүмкіншілікті пайдалануымыз керек", - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама