ПОДЕЛИТЬСЯ
01 ақпан 2024 | 11:50
Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Ұлттық музей экспозициясынан алып тасталды
Астанадағы Ұлттық музей экспозициясынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанадағы Ұлттық музей экспозициясынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші Астанадағы Ұлттық музейге 2018 жылы шілдеде орнатылған.
Президент мүсіні үстінде латын әріптерімен қазақ тілінде мәтін жазылған:
"Менің арманым – Қазақстанның "Мәңгілік Ел" болуы. Заман өтеді, адамдар өтеді. Бірақ Тәуелсіздік қалады. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – елбасы Нұрсұлтан Назарбаев".
Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, мүсін бірнеше күн бұрын алып тасталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также