Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Нұрсұлтан Назарбаевтың жүрегіне ота жасалды. Ота сәтті өтті. Тұңғыш Президенттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында", - деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.
Оның айтуынша, ота белгілі кардиохирург Юрий Пяның жетекшілігімен Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында жасалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!