ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қазан 2016 | 10:36
Нұртас Адамбаев, Мұрат Мутурганов және Дмитрий Петрухин Универсиада елшілері атанды
"Медеу" таушатқалындағы кешенде, Универсиадаға 100 күн қалуына орай, Алматы қаласы əкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен 2016-2017 қысқы маусымының ашылуы өтті. Осы шара "Астана Банкінің" қолдауымен, Универсиада дирекциясының ұйымдастыруымен өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі almaty2017.com сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Медеу" таушатқалындағы кешенде, Универсиадаға 100 күн қалуына орай, Алматы қаласы əкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен 2016-2017 қысқы маусымының ашылуы өтті. Осы шара "Астана Банкінің" қолдауымен, Универсиада дирекциясының ұйымдастыруымен өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі almaty2017.com сайтына сілтеме жасап.
Шара барысынла 2017 жылғы Универсиадв елшілеріне дипломдар табысталды. Алматыдағы халықаралық қысқы Ойындардың ресми өкілдері болып, танымал байкер Дмитрий Петрухин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, цирк əртісті болып Мұрат Мутурганов, танымал режиссер, актер, сценарист Нуртас Адамбаев танылды.
Жылдағы дəстүр бойынша "Медеу" мұз айдыны бұқаралық сырғанаудың маусымын ашты. "Медеу" əкімшілігінің хабарлауынша, билет бағалары бұрыңғы қалпында қалады. Келушілердің 1800 теңгеге денсаулығын нығайтуға, конькимен сырғанап, уақыт өткізуге мүмкіндігі болады. Бұдан бөлек, балаларға, студенттер мен зейнеткерлерге арнайы жеңілдіктер қарастырылған.
Биыл "Медеу" былтырғы жұмыс кестесін бекітті. Сырғанау алаңының есігі 10.00-23.00 аралығында ашық болады. Таңғы сырғанау 10.00 мен 16.00 аралығында өтеді. Артынша, 16:00 мен 18.00 арлығында техникалық үзіліс. Кешкі сырғанау 18.00-23.00 аралығында.
Бұл маусымда біраз жаңашылдықтар енгізілді. Конькилер саны ұлғайып, 2000 жаңа конькимен толықты. Бүгінгі таңда оның саны 5000-ға жетіп отыр. Сондай-ақ, келушілер үшін 15 тамақтану орындары жұмыс істейді. Ол жерде тəтті стритфуд пен ыстық шоколадпен немесе кофемен жылына аласыз.
"Медеу" мұз айдынында қажетті деп тапқан адамдарға ыңғайлы ВИП бөлмелер мен киім ауыстыратын бөлмелер бар.
Осы маусымнан бастап, мұнда сырғанау инструкторларының мектебі жұмыс істейді. Кішкентай қонақтар мен олардың ата-аналары үшін ойын-сауық аймағы жұмыс істейді.
Маусым барысында "Медеуде" түрлі шаралар мен спорттық сайыстар өтеді.
2016 жылы "Медеуге" маусым бойы 330 мың адам келген, сырғанаушылардың ең максималды саны 3 қаңтарда тіркелген. Бұл күні бір күн бойында 13 500 адам келген. Сондай-ақ, "Медеуде" Спидвейден (мұздағы мотоциклдердің жарысы) өткен. Ал осы маусымда "Медеу" ірі халықаралық жарыс 28-ші Бүкілəлемдік қысқы Универсиаданы қабылдайды. Ойындар уақытында бұл жерде конькимен жүгіру сайыстары өтеді.
"Медеу" теңіз деңгейінен 1691,2 метр биіктікте орналасқан. Мұз ылғалы 10,5 мың шаршы метр "Медеуде" 120-ға жуық əлемдік рекордтар тіркелген. Көрермендер отыратын орындық саны - 8 100.
Показать комментарии
Читайте также