ПОДЕЛИТЬСЯ
01 тамыз 2024 | 12:53
Нұртас Адамбайға қатысты сот отырысы кейінге шегерілді
Нұртас Адамбайға қатысты сот кейінге қалдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұртас Адамбайға қатысты сот кейінге қалдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әртіске қатысты сот нақты қашан өтетіні белгісіз. "Сот кабинетіндегі" ақпаратқа сәйкес, Адамбайға қатысты сот 1 тамызда түске дейін өтуі керек еді.
"Нұртас Адамбаевтың ісі бойынша сот отырысы белгісіз уақытқа кейінге қалдырылды. Ешқандай процесс өткен жоқ", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, Нұртас Адамбайға діни қызмет туралы заңды бұзды деген айып тағылған болатын.
Іс Астананың әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Нұртас Адамбайға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 1-бөлігінің 4-тармағын бұзды деген айып тағылып отыр.
Аталған құқық бұзушылықтар үшін жеке тұлғаларға – 50 АЕК мөлшерінде (184 600 теңге), заңды тұлғаларға – 200 АЕК мөлшерінде (738 400 теңге) айыппұл қарастырылған, сонымен бірге қызметін тоқтатуы керек.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также