16 шілде 2020 | 16:12

Нұрымбетов жұмысынан айырылған қазақстандықтарға кеңес берді

Фото: fprk.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жұмысынан айырылған қазақстандықтарға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жұмысынан айырылған қазақстандықтарға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Егер сіз жұмыстан өзіңіз шықсаңыз немесе сізді жұмыстан шығарса, жұмыс беруші сіз үшін төлемге (42 500 теңге - авт. еск.) өтініш бере алмайды. Сіз халықты жұмыспен қамту орталығына баруыңыз керек. Онда сізге бос жұмыс орындары ұсынылады. Егер сізге жұмыс табылмаса, сізді жұмыссыз ретінде тіркейді. Осылайша, сіз автоматты түрде әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыз ретінде әлеуметтік төлем алуға үміткер бола аласыз", - деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Реклама
Реклама

17 шілдеден бастап, 42 500 теңгеге өтініш беру бойынша электронды порталдар іске қосылады.

Айта кетейік, осыған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 42500 теңгені кімдер алмайтынын түсіндіріп, қазақстандықтарға өтінішін айтқан еді.

Сондай-ақ, Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге қашан берілетінін айтқан.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде карантин тағы екі аптаға ұзартылатынын, мұқтаж жандарға 42 500 теңге берілетінін айтқан болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная