Нұржан Әлтаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

Нұржан Әлтаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

?Р ?кіметіні? ?аулысымен ?лтаев Н?ржан Бауыржан?лы ?аза?стан Республикасы ауыл шаруашылы?ы вице-министрі ?ызметіне та?айындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?кімет сайтына сілтеме жасап.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет сайтына сілтеме жасап.

Нұржан Әлтаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы - Академиялық инновациялық университетті тәмамдаған. Мамандығы - заңгер, экономист.

Еңбек жолын 2002 жылы бастады. 2005-2012 жылдары мемлекеттік органдарда әр түрлі қызметтер атқарған, ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 2012-2014 жылдары "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын", Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасын басқарды.

Реклама
Реклама

2014 жылдың наурызынан бастап осы уақытқа дейін "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары болып істеген. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама