Нығматулин Атамбаевтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

© Тұрар Қазанғапов

Парламент М?жілісіні? спикері Н?рлан Ны?матулин Алмазбек Атамбаевты? м?лімдемесіне ?атысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұрсұлтан Әбішұлы Мемлекет басшысы ретінде Қырғызстан халқын үнемі қолдап, көмектесіп келеді. Қырғызстан халқының да Қазақстан басшысына алғыс білдіретінін білемін. Сондықтан да Атамбаевтың осы айтып жатқаны "бос сөз",  популистік және жауапсыз мәлімдемелері біздің халықтардың бауырластық қарым-қатынасына ешқашан да еш залалын тигізе алмайды, - деді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.

Сондай-ақ, ол Атамбаевтың Қырғызстан президенті болған кездегі жұмысына қатысты ойын айтты.

Реклама
Реклама

"Атамбаевтың өзі жайлы айтатын болсақ, оның осы президенттік жылдар бойы не экономикада, не саясатта бірде-бірде нәтиже көрсетпегенін барлығы да біледі. Ал қызметінен кетер кезде тіпті саяси және ішкі мәдениеттің жоқтығын көрсетті", - деді Нұрлан Нығматулин.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама