Нығматулин Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің отставкаға кету себебін айтты

Самат Ескендіров. ©kapital.kz

Республика Президенті әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Самат Ескендіровтің отставкаға кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

"Ол (Ескендіров - "ИФ-Қ") әкімдік қызметте 2013 жылдың қаңтар айынан бері жұмыс жасады, оның кезінде белгілі бір жетістіктер болды. Бірақ жіберілген қателіктер де болды, әсіресе қызметтік этиканы сақтауда. Атап айтқанда, бірқатар мемлекеттік тұлғалар жаза басып, құрылыс басқармасының басшысына, аудан әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Осыған байланысты облыс әкімі отставкаға кетті. Оның өтінішін Президент қабыл алды", - деді Нығматулин сейсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының активтерімен және депутаттарымен кездескенде.

Бұған дейін жарияланғандай, бұл өңірдің жаңа басшысы болып Ерік Сұлтанов тағайындалды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама