18 сәуір 2022 | 10:00

Облыс әкімі кеңесшілерінен бас тартты. Демалыс күндері Қазақстанда және әлемде не болды?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент
Фото: Әлихан Сариев

ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы Нұрлан Жоламанов бостандыққа шықты. Қызылорда облысының жаңа әкімі кеңесшілерден бас тартты. Зеленский Ресеймен мүмкін болатын бейбіт келісім туралы айтты. Tengrinews.kz тілшісі демалыс күндерінің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы Нұрлан Жоламанов бостандыққа шықты. Қызылорда облысының жаңа әкімі кеңесшілерден бас тартты. Зеленский Ресеймен мүмкін болатын бейбіт келісім туралы айтты. Tengrinews.kz тілшісі демалыс күндерінің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 

Қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек Николас Бонеллиді нокаутқа түсірді

Сұлтан Заурбек (13-0, 9 КО) Лондонда өткен екінші жартылай жеңіл салмақтағы рейтингтік жекпе-жекті нокаутпен аяқтады. Бастапқыда қазақстандықтың қарсыласы мальталық Хайтем Лаамуз болып, Заурбек екінші рет WBO European титулын қорғауы керек еді, бірақ жекпе-жектен бір күн бұрын өзгерістер енгізілді.

Реклама
Реклама

Нұр-Сұлтанда жылыту маусымы қашан аяқталады? 

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтанда жылу өшіріледі. Әкімдік мәліметінше, Нұр-Сұлтанда жылу беру маусымын дайындау және өткізу ережелеріне сәйкес "қаланың жылу беру маусымын дайындау және өткізу қағидаларының" 42-тармағына сәйкес, сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы +10 градус және одан жоғары болғанда 5 күнтізбелік күн ішінде жылу маусымын аяқтау туралы шешім қабылданады.

Тоқаев әскери қызметшілердің тұрғын үй мәселелерін шешуге бағытталған заңға қол қойды 

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әлеуметтік қамсыздандырылуын жақсартуға, олқылықтар мен қайшылықтары бар әскери қызмет өткеру мәселелерін регламенттеуге мүмкіндік береді. Заң жобасында үш заңға түзетулер енгізу қарастырылған.

ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы Нұрлан Жоламанов бостандыққа шықты 

Астана мамандандырылған ауданаралық әскери сотының 2015 жылғы 6 наурыздағы үкімімен Жоламанов мүлкі тәркіленіп, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеумен 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Мерзімі 2014 жылы 27 қазанда басталған, 2025 жылы аяқталуы керек еді. Алдын ала ақпарат бойынша, сотталушы оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандыруды сұраған. Оның адвокаттары, мекеме өкілі және Семей прокуроры да сотталушының өтінішін қолдады.

Фото: Тengrinews 

Желіде ресейлік әзілкештер Алматыда концерт өткізеді деген жалған ақпарат тарады 

Желіде Ольга Кортункова, Денис Дорохов, Давид Цаллаев және тағы басқа әзілкештер қатысатын "музыкалық-патриоттық марафонның" өткізілуі туралы ақпаратқа қатысты "Алматы әуендері" КМҚК баспасөз қызметі "Za Россию!" баннер-афишасы жалған екенін мәлімдеді. Афиша күні мен жарияланған форматы шындыққа сәйкес келмейді

Аймағамбетов университеттерді студенттік парламент құруға шақырды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің барлық өңірінің студенттерімен, студенттік парламент, Жастар ісі жөніндегі комитеттерінің өкілдерімен және ЖОО-ның проректорларымен кездесті. Министр студенттердің ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, негізгі бағыттарды түйіндеді. Аймағамбетов студенттік үкімет саясатына ерекше тоқталды. Оның сөзінше, әрбір университетте студенттік парламенттер құрылуы керек. Мұндай ұйымдар студенттердің саяси және құқықтық мәдениетін дамытады. Бұл парламенттердің формализм үшін ғана жұмыс істемеуі маңызды. Студенттік парламенттің мүшелерін студенттердің өздері сайлауы керек

Фото: Facebook/Askhat Aimagambetov

Қызылорда облысының жаңа әкімі кеңесшілерден бас тартты 

2022 жылдың 7 сәуірінде тағайындалған Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өз жұмысын әкімдік құрылымындағы бірқатар өзгерістерден бастады. Атап айтқанда, ол кеңесшілер штатын қысқартып, бірнеше облыстық департаменттерді біріктірді. Облыс әкімдігінің кеңейтілген отырысында өңір басшысы тиісті басқармаларды біріктіргенін айтты. 24 басқарманың 8-і қысқартылып, 16 басқарма облыс әкімдігінің құрылымында қалды. Сондай-ақ Нұрлыбек Нәлібаев бұдан былай облыс әкімі аппаратында штаттық және штаттан тыс кеңесшілер лауазымдары болмайтынын айтты.

Зеленский Ресеймен мүмкін болатын бейбіт келісім туралы айтты 

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен келісім Украинаның қауіпсіздік кепілдігі және Киев пен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас туралы екі құжаттан тұруы мүмкін екенін айтты. Оның бірі Украинаның қауіпсіздік кепілдігіне, екіншісі Ресей Федерациясымен тікелей қарым-қатынасына қатысты. Сонымен қатар, Зеленский  Мариупольде украин әскері жойылған жағдайда Мәскеумен келіссөз жүргізбейтінін айтты.

Еурокомиссия басшысы ЕО елдерін Украинаға қаруды жедел жеткізуге шақырды 

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен немістің Bild am Sonntag газетіне берген сұхбатында Еуроодақ елдерін Украинаға қаруды тез жеткізуге шақырды. Оның сөзінше, Украина сол кезде ғана Ресейдің күрделі қорғаныстық күресіне төтеп бере алады.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная