17 наурыз 2020 09:22

Облыс халқының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі басты назарда - Ысқақов

Қызылорда облысы әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен​ облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызылорда облысы әкімі Қуанышбек Ысқақовтың төрағалығымен​ облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күн тәртібінде коронавирус инфекциясы бойынша дайындық және профилактика шаралары туралы айтылды.

Реклама
Реклама

Жиында​ аймақ басшысы қала және аудан әкімдіктері,облыстық кәсіпкерлік және туризм, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармалары, Қызылорда облысының полиция департаменті​ және "Атамекен" кәсіпкерлерді қолдау палатасымен бірлесіп​ ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап көпшілік іс-шараларға тыйым салып, адамдар көп шоғырланатын​ объектілерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қажеттігін тапсырды.


© Бағдат Есжанов

"Ірі сауда объектілерінің жұмысы санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейтумен сағат 10:00 мен 18:00 аралығында, ал, тауарлар базарларының жұмысы санитарлық қауіпсіздікті күшейтумен және залалсыздандырумен сағат 11:00 мен 17:00 аралығында шектелсін. Сондай-ақ, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерге, әлеуметтік оңалту орталықтарына, мүгедек балаларға арналған оқу орындарына баруға тыйым салынып, санитариялық-дезинфекциялық режимдер күшейтілсін. Бізге ең бірінші халықтың тынышытығы маңызды. Алгоритм бар. Мемлекет басшысы тапсырма берді, Үкіметтің тарапынан тиісті тапсырмалар келіп отыр. Енді біз әр сала осы берілген тапсырманы өз дәрежесінде орындауымыз қажет. Сенбі күні қаланың үлкен және әлеуметтік дүкендерін аралап көрдім, азық-түлік қоры жеткілікті. Тұрғындар тұтынатын 19-дан аса өнімнің барлық түрі жеткілікті ",- деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram