ПОДЕЛИТЬСЯ
01 ақпан 2022 | 19:48
"Облыс орталығына 15 шақырым жерден келеді". Мәнерлеп сырғанаушы әженің видеосы Қазнетті тәнті етті
Қарағандыдағы мұзайдынында мәнерлеп сырғанаған әженің видеосы Қазнет қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана телеарнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағандыдағы мұзайдынында мәнерлеп сырғанаған әженің видеосы Қазнет қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған видеоға көпшілік түрлі пікір жазған еді. Бірі таңғалып, енді бірі алаңдаушылығын білдірді. Видео кейіпкері Ақтас ауылында тұратын Рысты Ілиясова есімді 83 жастағы зейнеткер болып шықты. Ол конькимен сырғанау үшін облыс орталығына 15 шақырым жерден арнайы келеді.
Телеарна мәліметінше, ол бұған дейін ешқашан кәсіби спортпен айналыспаған. Бірақ физикалық жағынан қиын жұмыстар істеген, сондай-ақ, спортқа әрқашан уақыт тапқан.
Оның айтуынша, ғұмырының 80 жылға жуығын спортпен шұғылдануға арнаған. Алғаш рет мұзда бала кезінде сырғанаған.
"Ұлым жақсы коньки сатып алып берді. Былтыр көп сырғанадым, биыл бірінші рет бардым. Мұз жақсы болмады. Бала кезімнен спортты жаныма серік еттім. Коньки тептім, бокспен және биіктіктен секірумен айналыстым. Жастық шағым өткен Петропавл маңындағы ауылда бәрі спортты жақсы көретін. Бірақ кәсіби спортпен ешқашан айналыспадым. Әлі де жүгіремін. Құрбыларым күледі. Ең бастысы, бұл маған қуат береді", - деді видео кейіпкері Рысты Ілиясова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также