Облыстық полицияның басшысы қаза болған ағайындылардың туыстарына тергеудің мұқият жүргізілетінін айтты

Алматы облысты? полициясыны? басшысы ?аза бол?ан а?айындыларды? туыстарына тергеуді? м??ият ж?ргізілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? ІІД ?кілдеріне сілтеме жасап.

Алматы облыстық полициясының басшысы қаза болған ағайындылардың туыстарына тергеудің мұқият жүргізілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

Облыстық полицияның басшысы Мұрат Ұрымханов Көксу ауданында марқұмдардың туыстарымен кездесті. 

Өңір полициясының басшысы қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты. Сонымен қатар, ол іздестіру шараларын ұйымдастыру, аудандық полиция қызметкерлерінің әрекеттері және қылмыс жасады делінген күдіктілердің ұсталуына қатысты сұрақтар туындаған мәселелерді талқылады. 

Реклама
Реклама

"Осы дерек бойынша қылмыстық іс ІІД аппаратының өндірісінде. Тергеуге тергеу бөлімшелерінің тәжірибелі қызметкерлері кірісті, олар барлық мән-жайды есеп алып, тергеуді толықтай жүргізеді", - деп атап өтті Мұрат Ұрымханов. Марқұмдардың туыстарына қылмыстық істің тергеуі ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың ерекше бақылауында екені айтылды.

Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткенболатын. 

Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Полицейлер кісі өлтірді деген күдіктілерді ұстапты. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталыпты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама