14 қараша 2019 | 14:38

"Охотзоопром" басшысы ауысты

Мәрлен Айнабеков "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК бас директоры қызметін орындаушы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәрлен Айнабеков "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК бас директоры қызметін орындаушы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұрындары ол Орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі комитетін басқарған еді. 

Реклама
Реклама

Айта кету керек, бүгінгі таңда браконьерлікпен күрес өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Инспекторлардың қаза болуына байланысты соңғы оқиғаларды ескере отырып, министрлік басшылығы жаңа басшыға инспекторлардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды тапсырылды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз аң аулағаны үшін жауапкершілікті күшейту жөнінде тапсырма берді.

Еске салайық, 2019 жылы браконьерлердің қолынан үш "Охотзоопром" инспекторы қаза болды. Соңғы оқиғалардың бірі 25 қазанда тіркелді. Инспектор Әділ Кенжеғұлов Қызылорда облысы Жалағаш ауданы аумағында браконьерлерді ұстау кезінде жол-көлік оқиғасынан қаза тапты. Олар жергілікті тұрғындар болып шықты.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная