ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қыркүйек 2021 | 08:39
Оқ-дәрі жарылған қоймалар: ТЖ алдында командир қызметінен кеткен
Қорғаныс министрлігі "Жамбыл облысындағы қоймадағы өртке қатысты БАҚ хабарламалары бойынша" түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қорғаныс министрлігі "Жамбыл облысындағы қоймадағы өртке қатысты БАҚ хабарламалары бойынша" түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Инженерлік оқ-дәрілер қоймасынан өрт шыққан әскери бөлім "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының құрамына кіреді. 2016 жылдан бастап 2021 жылдың мамыр айына дейін әскери бөлімнің командирі Серік Байсақалов болған. Қорғаныс министрінің бұйрығымен подполковник Серік Байсақалов 48 жасқа толғанда Қарулы Күштердің қатарынан запасқа шығарылған. Байсақалов 2021 жылдың 29 шілдесінде бөлімнің тізімінен алынған.
Маусым айында өңірлік қолбасшылықтың комиссиясы бөлімнің штаб бастығы майор Аслан Бақытжановқа командирдің істері мен лауазымын уақытша атқаруды тапсырды.
"Бұл жөнінде бөлім командирінің 2021 жылғы 21 маусымдағы №109 тиісті бұйрығы бар. Қазіргі кезде құзыретті органдар штаттық бөлім командирін тағайындау мақсатында жасалатын тексеру процедурасы мен кандидатқа арнайы рұқсат беру рәсімін жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ведомство ақпараты бойынша, өрт басталысымен әскери бөлімнің штаттық өрт сөндіру командасы өрт сөндіруші есептоптар келгенше тез арада оны оқшаулауға кіріскен және Жамбыл облысының ТЖД-ға хабарлаған.
"Бұдан әрі ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығымен бекітілген өрт сөндірудің қолданыстағы қағидаларына сәйкес өрт сөндіруге келген өртке қарсы қызмет гарнизонының аға лауазымындағы адам оған тікелей басшылық етеді. Өрт сөндіру басшысы осы міндеттерді орындауға қатысатын жеке құрамды, сондай-ақ өрт сөндіруге жұмылдырылатын күштерді басқаруға өкілеттілік беріледі. Ол үшін ТЖД-ның өрт сөндіру қызметінде елді мекенде болған өрт кезінде қауіпті барлық объектілер туралы мәліметтер болуы тиіс", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также