ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қаңтар 2022 | 10:27
"ӨКМ Операторы" кәдеге жарату төлемі үшін ақша жинау құқығынан айырылды
Үкімет кәдеге жарату алымы есебінен құрылған активтерді мемлекет меншігіне алып, "ӨКМ Операторына" қатысты қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Үкімет кәдеге жарату алымы есебінен құрылған активтерді мемлекет меншігіне алып, "ӨКМ Операторына" қатысты қаулы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында 2022 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының Үкіметі "Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының кейбір мәселелері туралы" қаулы қабылдады. Құжатқа сәйкес "Жасыл даму" АҚ мемлекеттік ұйымы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып айқындалды", - делінген хабарламада.
Үкімет мәліметінше, "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің утилизациялық төлемді әкімшілендіру және тиісті қаражаттарды басқару шеңберіндегі қызметі тоқтатылды.
"Утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функцияларын мемлекеттік ұйым - "Жасыл даму" АҚ орындайды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, қазақстандықтар кәдеге жарату алымына бұрыннан қарсы болған және тіпті петиция ашқан болатын. Қазіргі уақытта оған 195 мыңнан аса адам қол қойған. "ӨКМ Операторы" тетігі жұмыс істеген бес жыл ішінде кәдеге жарату алымын төлеудің жалпы сомасы 579 миллиард теңгеден асты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также