"ӨКМ Операторының" бұрынғы басшысы Астанадағы сотқа жеткізілді

Дина Шарипханова Корреспондент
"ӨКМ Операторының" бұрынғы басшысы Астанадағы сотқа жеткізілді Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов.

Астанада бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланған "ӨКМ операторының" бұрынғы құрылтайшысы Шнар Мұқтароваға қатысты соттың алдын ала тыңдауы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Астанада бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланған "ӨКМ операторының" бұрынғы құрылтайшысы Шнар Мұқтароваға қатысты соттың алдын ала тыңдауы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Адвокаттар сотта түсірілім жасауға қарсы болатынын айтты.

Шнар Мұқтароваға 2022 жылдың маусымында халықаралық іздеуге жарияланған болатын. Ол ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікке ілікті.

Жарнама
Жарнама

Сот отырысына дейін түсірілген суреттер

"Қылмыстық іс шеңберінде "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Шнар Оралғазынқызы Мұқтарова 2017-2018 жылдар кезеңінде Экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, оған 920 миллион теңге мөлшерінде дивиденд түрінде заңсыз төленген кәдеге жарату алымының ақшалай қаражатын иемденді деген күдікке ілінген", - деп хабарлады Антикор.

БАӘ-де ұсталған "ӨКМ операторының" бұрынғы басшысына қатысты сот қашан өтетіні айтылды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама