06 қараша 2023 12:37

"ӨКМ операторының" бұрынғы басшысы жауап алу кезінде мәлімдеме жасады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада бұған дейін БАӘ-ден экстрадицияланған "ӨКМ операторының" бұрынғы басшысы Шнар Мұқтарованың соты өтіп жатыр. Бүгін сотта сотталушы мен жәбірленуші тараптың айғақтары тыңдалды. Бүгін сотталушыдан жауап алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада бұған дейін БАӘ-ден экстрадицияланған "ӨКМ операторының" бұрынғы басшысы Шнар Мұқтарованың соты өтіп жатыр. Бүгін сотта сотталушы мен жәбірленуші тараптың айғақтары тыңдалды. Бүгін сотталушыдан жауап алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ӨКМ операторының" бұрынғы басшысы Шнар Мұқтарованың сотта жауап алу кезінде айтқаны бойынша, ол 2013-2015 жылдары Алматы қаласында жұмыс істеген. Осы уақытта ол Светлана Коротенкомен ("ӨКМ Операторының" бұрынғы бас директоры, биыл шілдеде 7 жылға бас бостандығынан айырылған - еск.) кездесіп, оны ЖШС-ға мүше болуға шақырады, оған Мұқтарова келісім береді.

Реклама
Реклама

Сотталушы өзіне 920 миллион теңге көлемінде дивиденд түрінде заңсыз төленген утильалым қаражатын заңсыз иемденудегі кінәсін толық мойындады.

"Мен өз кінәмді толық мойындаймын. Енді мұндай әрекеттерге қатысқым келмейді", - деді ол.

Сондай-ақ, Мұқтарова Біріккен Араб Әмірліктеріне не үшін барғанын түсіндірді. Сотталушы сотта шетелге емделуге кеткенін айтты.

"Мен Қазақстанға өз еркіммен оралдым", - деді Мұқтарова сот отырысында.

Сотталушы келтірілген шығынды толық өтегенін ескеруді сұрады. Бұл деректі зардап шеккен тараптың өкілдері де растады.

"Бұл ақша ешқайда кеткен жоқ, үнемі есепшотта болды", - деп түсіндірді Мұқтарова.

"ӨКМ операторының" бұрынғы басшысына қатысты сот отырысы қысқартылған тәртіпте өтіп жатыр. Келесі кездесуде тараптар арасындағы пікірталас болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram