15 қараша 2023 12:05

"ӨКМ операторының" бұрынғы басшысына қандай жаза сұралды?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бүгін Астанада "ӨКМ операторы" ЖШС бұрынғы басшысы Шнар Мұқтарованың қылмыстық ісі бойынша сот тергеуі аяқталды. Тараптар жарыссөзге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Астанада "ӨКМ операторы" ЖШС бұрынғы басшысы Шнар Мұқтарованың қылмыстық ісі бойынша сот тергеуі аяқталды. Тараптар жарыссөзге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Жарыссөзде мемлекеттік айыптаушы Ерасыл Секенов Мұқтарованы аса ірі көлемде алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, жеті жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруды сұрады.

Реклама
Реклама

Прокурордың айтуынша, сотталушының өз кінәсін толық мойындауы, шын жүректен өкінуі және келтірілген зиянды толық өтеуі іс бойынша жеңілдететін мән-жайлар болып табылады. Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар жоқ.

"Мен Мұқтарованы қоғамнан оқшауламай түзеу мүмкін деп санаймын", - деді Секенов сотта.

Прокурор "ӨКМ операторы" ЖШС бұрынғы құрылтайшысына қатысты бұлтартпау шарасын өзгертіп, сот залында қамаудан босатуды сұрады.

Сондай-ақ, сотталушының қорғаушысы оған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Сот 17 қараша, жұмада жалғасады. Шнар Мұқтарова соңғы сөзін айтып, одан кейін сот үкімі шығады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram