17 ақпан 2022 | 21:29

"Өкінбеймін" - Тоқаев Елбасына арналған туындысы туралы

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Әке туралы ой-толғау" кітабының желісімен кино түсірілуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Әке туралы ой-толғау" кітабының желісімен кино түсірілуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің кітабымдағы оқиғалардың негізінде кино түсіргелі жатқанын оқыдым. Бұл туралы ешкімге ешқандай тапсырма берген жоқпын. Бермеймін де. Мұндайды қаламаймын. Бірақ өзім жазған "Әке туралы ой-толғау" кітабынан бас тартпаймын, мазмұнды туынды деп есептеймін. Себебі жастарға да пайдалы дүние. Бұл - менің әке-шеше алдындағы перзенттік борышым", - деді ол.

Сондай-ақ, Елбасының тұлғасына арналған "Ол тарихты жасап жатыр" атты туындысы туралы айтып, "сол кітапты жазғаныңызға өкінбейсіз бе" деген сұраққа жауап берді.

Реклама
Реклама

"Өкінбеймін. Тұңғыш Президентіміздің еңбегі туралы кітапқа келсек, қазақта "Өткен іске өкінбе" деген сөз бар. Мен көптеген оқиғаға куә болған адаммын. Сондықтан, қағазға түсіргенді жөн көрдім. Оқырмандардың пікірінше, кітаптарым жоғары деңгейде жазылған. Мысалы, әлі күнге дейін студенттер менің кітаптарымнан қажеті мағлұматын алып, пайдаланып жүр. Жоспар туралы айтсақ, кейбір ойларымды түртіп қойып, күнделік жазатыным бар. Мүмкін болашақта қажет болар. Келешекте қазіргі өміріміз туралы ауқымды кітап жазу ойымда бар. Амандық болса жазамын", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная