27 шілде 2016 10:33

ОҚО-да облыстық мәслихаттың депутаты пара берді деген күдікпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі

ОҚО-да облыстық мәслихаттың депутаты пара берді деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ОҚО-да облыстық мәслихаттың депутаты пара берді деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 шілдеде ОҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департамент өкілдері облыстық мәслихаттың депутаты, "Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің" директоры Сопбеков А. есімді азаматты ұстады.

"Сопбеков делдал арқылы, яғни сол мекеменің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы арқылы ОҚО Білім басқармасының лауазымды тұлғасына тағы да қосымша мемлекеттік гранттарды алу үшін үш миллион теңге көлемінде пара берген", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Айта кетейік, күдікті Шымкент қаласының ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети