11 қаңтар 2018 14:45

ОҚО-дағы 2, 5, 7-сыныптар білім берудің жаңартылған мазмұнына көшті

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Оңтүстік Қазақстан облысындағы 1029 мектептегі 2, 5, 7-сыныптар өткен жылы 100 пайыз білім берудің жаңартылған мазмұнына көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.


 Оңтүстік Қазақстан облысындағы 1029 мектептегі 2, 5, 7-сыныптар өткен жылы 100 пайыз білім берудің жаңартылған мазмұнына көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дербес білім беру ұйымының тәжірибесі бойынша білім берудің жаңартылған мазмұнына өтуде педагог кадрларды қайта даярлаудан өткізу жұмыстары екі жыл қатарынан жүйелі түрде жүргізілген. Мәселен, 2016 жылы 15 500 мұғалім, ал, 2017 жылы 18 328 педагог жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілігін арттырыпты.

Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының арасында ынтымақтастық Меморандумы түзілген болатын. Осының негізінде аталған білім ұйымының тәжірибесін үйрену мақсатында Шымкент қаласындағы екі зияткерлік мектептің базасында аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлеріне арналған семинар өткізілген.

Сонымен бірге 100 жетекші мектептің модераторлары мен аудандық, қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарындағы 124 мұғалімнің қатысуымен облыстық семинар ұйымдастырылған. Ал, әдістемелік көмек көрсету мақсатында он бес ауданда құрамына 352 мұғалім енген мобильді топтар құрылды.

Білім берудің жаңартылған мазмұнына өту үшін 2017-2018 оқу жылында әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері облыстың алдыңғы қатарлы мұғалімдері онлайн режимде үздік сабақтар өткізіп, озық тәжірибелерімен бөлісіп келеді.

Сондай-ақ, өткен жылдың бірінші жартыжылдығында 755 физика, информатика, химия және биология пәндерінің мұғалімдері ағылшын тілі курстарынан өткізілді. Ағылшын тілін меңгерудің базалық А1А2 деңгейін; әдістемелік В1В2 деңгейін меңгерту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, В2 деңгейін меңгеріп, ағылшын тілінде сабақ берген мұғалімнің айлық жалақысына 30 пайыз үстеме ақы қосылатын болады деп белгіленіп отыр.       

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети