ПОДЕЛИТЬСЯ
28 тамыз 2020 | 20:26
"Оқу бұрынғыдай болмайды". Болашақта неге аралас білім беруге көшеміз?
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында EdGravity компаниясының басшысы Айгерім Хафизова жиі өзгеріске ұшырайтын өмірде жұмыссыз қалмау үшін нені үйрену керегін түсіндірді. Сондай-ақ ол болашақта неліктен білім берудің аралас түрі қолданылатынын айтты. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында EdGravity компаниясының басшысы Айгерім Хафизова жиі өзгеріске ұшырайтын өмірде жұмыссыз қалмау үшін нені үйрену керегін түсіндірді. Сондай-ақ ол болашақта неліктен білім берудің аралас түрі қолданылатынын айтты. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.
Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - "Қазақтелеком" АҚ. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. i-balaqai talks - байланыс орнатудың жаңа форматы.
Жаһандық қайта оқыту революциясы
Айгерім Хавизованың сөзінше, алдағы декада кезінде қоғамда болуы керек өзгеріс пандемия салдарынан бір мезетте болған.
"Мен үшін қашықтан оқу - ақпарат берудің тәсілі немесе қандай да бір каналы. Оның ерекшелігі де жоқ, қорқынышты да емес. Біз көрген мәселелер қашықтан оқудың емес, білім беру жүйесіндегі мәселелерді ашып көрсетті. Біз қашықтан оқу арқылы соның бәрін көрдік", - дейді ол.
Одан бөлек, пандемия еңбек нарығына да біраз өзгеріс келтірген - көп адам табысынан, қызметінен айырылған.
"Тұрақты жұмысы болғандар, мысалы корпоративтік сектордағылар үнемі жалақысы жоғары, тұрақты, түсінікті мансаптық траекториясы болады деп ойлады. Мен зерттеу жүргізген болатынмын, түрлі жұмыс берушімен, сарапшымен сөйлестім, менің байқағаным, жұмысынан айырылғандар бәрі ұшқары екенін түсінді", - дейді маман.
Осылайша, ең маңызды дағдылардың бірі - оқу және қайталап оқу қасиеті болып қалған. Бұл қозғалыс Global Reskilling Revolution деп аталады, яғни жаһандық қайта оқыту революциясы.
"Қаңтарда біз Бүкіләлемдік экономикалық форум жасаған пандемияға дейінгі есебін оқығанымыз есімде. Ол жерде қазіргі жұмыстың үштен бірі маңызын жоғалтатыны болатынын болжанды. Біз оны жақын арадағы уақытқа болжағанымыз есімде, бірақ ол дәл қазіргі уақытта болды", - дейді Айгерім Хафизова.
Көтере алатын дағды немесе болашақтың мамандығы
"Қазір болашақты болжауға тырысып жүрген түрлі футуролог пен сарапшы бар. Олар: "Бұл 30 жылдан кейін трендке айналады" деп айтады. Оларға құлақ асу керек. Түрлі көркем әдебиеттен қандай да бір уақыттан кейін пайда болатын жауаптар мен фэнтези көп. Кейбіреуін біраз уақыттан кейін түсінеміз", - дейді сарапшы.
Болашаққа болжау мүмкін емес екенін түсінген абзал.
"Мысалы ата-аналар келіп "Баламның қайда барғаны дұрыс? Неге акцент жасау керек?" дейді. Шын мәнінде оның жауабы жоқ".
Мұндай жағдай не істеу керек? Қатеге бой алдырмаудың жолдары қандай? Айгерім Хафизова адам көтере алатын дағдылар болатынын айтады, оларды таңдаған бағытқа қарамастан дамыта беруге болады. Оған: көшбасшылық, топтық жұмыс, қарым-қатынас және тағы басқасы жатады.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жариялаған "Білім мен дағдылардың болашағы: Білім беру 2030" зерттеу жұмысында оқыту компасының төрт түрі болатыны айтылған: білім, дағды, тәртіп пен құндылық. Сарапшының сөзінше, аталған дағдылардың ішіндегі ересектер үшін де, балалар үшін де маңыздысы - үлкен ақпарат ағынына бағдарлана білу.
Білім алу тізбегіндегі өткізгіштік ролде мұғалім ойнайды, оны, Айгерім Хафизованың сөзінше, ештеңе алмастыра алмайды.
Эрик Андерсонның кітабы бар, ол жерде адамның біліктілігі және оның қалай шебер болатыны туралы айтылады. Әркім кез келген нәрсені үйрене алады және табыстың кілті - тұрақты кері байланыс орната алу.
Оқытудың аралас түрі
"Соңғы жылдары онлайн білім берумен айналысып жүргеніме қарамастан, мен қашықтан оқудың қорғаушысы емеспін. Мен тепе-теңдіктің сақталуын қолдаймын. Біз үшін ол қандай да бір панацея деп есептемеймін", - дейді Айгерім Хафизова.
Оның айтуынша, толықтырылған және виртуал шынайылық онлайн оқуда алған тәжірибені толықтыра алады. Технологияның дамуы 3D секілді физикалық кеңістікті құру үшін біріктірілуі мүмкін.
Алайда сарапшы көптеген зерттеушінің білім беру саласында аралас білім беруді қолдану керек деген ойын қолдайтынын айтады.
"Онлайн және офлайн форматты біріктірген кезде. Яғни сабақтың бір бөлігі оқушыларға онлайн өтеді. Мысалы қандай да бір теориялық ақпарат. Ал тәжірибелік бөлігін, дағдыларды тәжірибеден өткізуде физикалық кеңістікте, мұғаліммен немесе ментормен отырып түсініп аламыз", - дейді ол.
Дегенмен балаларды оқуға тәрбиелеу- ең басты дағды болып саналады. Оларды қайталап оқып, саланы ауыстыруға тура келетінін, жаңа дағдыға үйренуге тура келетінін айту басты дағдылардың бірі. Сараптама жасап, келіссөз жүргізе алатын дағдылар портфолиосын жасаған дұрыс. Өзіңіз үшін білім портфолиосын құру сізге еңбек нарығында таптырмас маман болуға мүмкіндік береді.
Видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің Facebook және "ВКонтакте" парақшасынан көруге болады.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады.
Сондай-ақ подкастты Anchor.FM, Яндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также