09 шілде 2020 | 16:17

Оқуға қабылдау үшін 1,2 миллион теңге: "Жас ұлан" қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: 2gis.kz

Антикоррупция қызметі Алматыдағы "Жас ұлан" мектебінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Антикоррупция қызметі Алматыдағы "Жас ұлан" мектебінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, "Жас ұлан" республикалық мектебінің лауазымды тұлғалары заңсыз ақша алды деген күдікке ілінді.

Реклама
Реклама

"Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі талапкерді оқуға қабылдау үшін 1,2 миллион теңге сомасында заңсыз ақша алды деген күдікпен Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы Республикалық "Жас ұлан" мектебінің лауазымды тұлғаларын әшкереледі", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов.

Күдіктілердің қылмыс жасағандарын толық мойындағаны айтылады.

"Қазіргі таңда қылмыстық іс тергеу сатысында. Істің басқа мән-жайлы тергеу мүддесінде сәйкес жарияланбайды. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды", - деді Антикоррупция өкілі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная