08 маусым 2022 | 15:31

Оқушыларға орамал тағуға рұқсат етіле ме? БҒМ өкілі жауап берді

Фото: Тұрар Қазанғапов

БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасы Гүлмира Каримова мектеп оқушыларының орамал тағу мәселесіне нүкте қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасы Гүлмира Каримова мектеп оқушыларының орамал тағу мәселесіне нүкте қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Гүлмира Каримова Қазақстан - зайырлы мемлекет екенін, сондықтан мектептер де зайырлы мекемелер болып саналатынын атап өтті. 

"Мектеп формасы туралы 2016 жылғы бұйрық бар, ол күшін жойған жоқ. Біз біліммен қамтылмауы мүмкін қыздарды оқу процесіне қосу туралы айтып отырмыз. Сондықтан бұл мәселені шешудің жолдары мен тетіктен іздестіріп жатырмыз. Бұл жерде әңгіме хиджаб туралы болып отырған жоқ. Түрлі ұсыныс түсіп жатыр, соның ішінде оларды өзіміздің отандық мектептерде онлайн оқыту мүмкіндігі және оларды оқу үдерісіне тарту бойынша басқа да ұсыныстар бар. Ең бастысы, барлығын орта біліммен қамту. Бұл балалардың осы бөлігін мектепте білім алуы үшін жасалып отыр", - дейді Гүлмира Каримова. 

Реклама
Реклама

Каримова бүгінде мектеп формасына қатысты бұйрық өз күшінде екенін, ешқандай өзгеріс енгізілмегенін еске салды. 

"Біз барлық баланы біліммен қамтамасыз етудің түрлі мүмкіндіктерін талқылаймыз. Бұл эмоцияға беріліп шешілетін мәселе емес, қоғамда әртүрлі пікірлер бары рас. Ең алдымен, балалардың мүдделері мен заңнамадағы нормаларды негізге алуымыз керек", - деп түсіндірді Гүлмира Каримова. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram