15 қараша 2022 | 09:39

Оқушыларға планшеттерді кім таңдап, сатып алады? Министрлік жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бастауыш сынып оқушыларына беріледі деп жоспарланған планшеттерді сатып алу мен оның қауіпсіздігіне кім жауапты болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бастауыш сынып оқушыларына беріледі деп жоспарланған планшеттерді сатып алу мен оның қауіпсіздігіне кім жауапты болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, 1 қарашада цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет отырысында сервистік модель механизмі арқылы 2023 жылы бірінші сыныпқа баратын 400 мың қазақстандық баланы Қазақстанда жасалған планшеттермен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын мәлімдеген болатын. Редакция министрлікке планшеттерді қандай бағаға сатып алуды жоспарлап отыр, олардың қауіпсіздігін кім қамтамасыз етеді және қанша жылға жарамды деген сұрақтармен жүгінді. Сұрақтарға Цифрлық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Ерхан Тәткен жауап берді.

Тәткеннің айтуынша, бұл мәселелер келісу сатысында. Дегенмен, министрлік жеткізуші таңдау мәселесін қазақстандық байланыс операторларына беруді ұсынып отыр, олар өздерінің ішкі корпоративтік стандарттарына сәйкес бағасы мен сапасы жағынан бәсекеге қабілетті жабдық нұсқаларын таңдайды.

Реклама
Реклама

"Бұл сатып алу сервистік қызмет көрсету және кепілдік бойынша жауапкершілік қызмет көрсетушіге жүктелетін сервистік үлгі бойынша жүзеге асырылады деп жоспарланған. Бұл ретте құрылғының сапасы мен қауіпсіздігіне жоғары талаптар әзірленеді, бұл қызмет көрсету орталықтарына қоңыраулар санын азайтады. Сондай-ақ, кепілдіксіз жағдайда мектеп оқушыларының үздіксіз білім алуы үшін қысқа мерзімге ауыстыруға арналған қосымша планшеттер беру ұсынылады", - деді Тәткен.

Планшеттерді мектепте жиі қуаттамау үшін бұл құрылғыларда сыйымдылығы жоғары аккумуляторды пайдалану жоспарланған. Оқушыларға планшет берудің егжей-тегжейлі тетігі Оқу-ағарту министрлігімен келісілгеннен кейін анықталады.

"Сатып алынатын планшеттер 4 жыл бойы (1-ден 4-сыныпқа дейін) пайдалануға болатындай өнімділігі жоғары болуы керек деп болжанған. Планшеттердің кепілдік берілген қызмет ету мерзімі кемінде 36 ай болады деп күтіледі", - деп толықтырды министрлік, жабдықтың кепілдігі мен қызмет ету мерзімі туралы сұраққа жауап беріп.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная