ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қыркүйек 2022 | 12:14
Оқушыларға шатасып басқа вакцина салған: Ақтөбеде қылмыстық іс қозғалды
Ақтөбеде 1-сыныпқа баратын 42 оқушыға мантудың орнына туберкулезге қарсы тірі вакцинаны салу ісіне қатысты прокуратура тергеуді бастады. Бұл туралы Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақтөбедегі мектепте балалардың манту сынамасының орнына вакцина салу дерегі бойынша Ақтөбе қаласының Алматы аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 317-бабы бойынша соталды іс жүргізуді бастады, ол медициналық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікті көздейді", - деді Дәулембаев.
Қажетті сараптамалар тағайындалған. Істі облыс прокуроры өз бақылауына алды.
Еске салайық, Ақтөбеде 1-сыныпқа баратын 42 оқушыға мантудың орнына туберкулезге қарсы тірі вакцинаны салған. Бұл қатені ата-аналар екі апта өткен соң бір-ақ білген.
Астана телеарнасының мәліметінше, №74 орта мектептің 42 оқушысының жақындары жауапсыз медицина қызметкерлерін жазалауды талап етіп отыр. Ата-аналардың айтуынша, балалардың көбі өздерін жайсыз сезінеді. Екпе салған дене бөлігі қатты ісіп, іріңдеген. Тіпті қолын көтере алмай қалғандары да бар. Балаларға мантудың орнына иыққа салатын тірі вакцина егілгені анықталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также