"Ол кетіп қалды". Мәжіліс отырысында депутат министрлерді шатастырып алды

Дина Шарипханова Корреспондент
"Ол кетіп қалды". Мәжіліс отырысында депутат министрлерді шатастырып алды Видео кадры

Мәжіліс отырысында депутат Азамат Әбілдаев сөз сөйлеп тұрған спикердің атын шатастырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс отырысында депутат Азамат Әбілдаев сөз сөйлеп тұрған спикердің атын шатастырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілісте "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасы бойынша экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев баяндама жасады, кейін депутаттар оған бірінен соң бірі сұрақ қоя бастады. Брекешевтің сөзі шамамен 20 минутқа созылып, кейін депутат Азамат Әбілдаев сөз алған.

"Құрметті Асқар Оразәліұлы (Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров. – ескерт), сізге қояр сұрағым бар...", – деп бастады мәжіліс депутаты.

Жарнама
Жарнама

Осы сәтте депутаттың сөзін палата спикері Нұрлан Нығматулин бөлді.

"Асқар Оразәліұлы кетіп қалды, ол басқа заң жобасы бойынша келді, бұл Серікқали Аманғалиұлы", - деді Нығматулин.

Депутат күліп, қолына ұстаған қағаздарын үстелге қойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама