ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қазан 2017 | 14:27
Ол ота жасағанда жүрегіміз тыныш болатын - Әріптестері апаттан қаза тапқан Патсаев жайлы
Алматыдағы акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының қызметкерлері қаза болған әріптесі - профессор Талғат Патсаев жайлы айтып берді. Айтуларынша, Патсаев босанудан кейінгі бөлімді басқарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының қызметкерлері қаза болған әріптесі - профессор Талғат Патсаев жайлы айтып берді. Айтуларынша, Патсаев босанудан кейінгі бөлімді басқарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Талғат Патсаев акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталықта 20 жыл уақыт жұмыс істеген. © Tengrinews.kz
Медициналық мекеменің директоры Динара Мырзахметованың айтуынша, Талғат Патсаев Оңтүстік Қазақстан облысына жауапты болған. Ол санитарлық авиациямен Қазақстан бойынша жиі ұшып тұратын.
"Мықты маман еді, біздің досымыз болды, жақсы әке, жақсы күйеу. Кеше біраз әңгімелескен едік - бір сағат уақыттай болашаққа жоспарларды талқыладық. Жүзеге асырғысы келетін идеясы көп еді", - деді Динара Мырзахметова.
Талғат Патсаевтың кабинеті мен оның жеке заттары. © Tengrinews.kz
Патсаевтың әріптесі Татьяна Кравцованың айтуынша, орталықта ол 20 жылдан аса уақыт жұмыс істеген.
"Аспирант болып келген еді. Өмірде жүзеге асырған идеялары жетерлік, мықты хирург болды. Ота жасау бөлмесінде сабырлы болатын, науқастарға деген махабаты бар еді", - деп еске алды Кравцова.
Сондай-ақ, ол әріптесін соңғы рет ұшуға 30 минут қалғанда көргенін айтып өтті.
"Біз науқас әйелдің жағдайы жайлы әңгімелестік. Ол оның өмірін құтқару үшін жолға аттанды. Оның көлігі әлі мұнда аулада тұр. Біздің орталықта науқас жүкті әйелдер тіркелген", - деді Патсаевтың әріптесі Татьяна Кравцова
© Tengrinews.kz
"Өте жақсы адам еді. Ата-анасына әрқашан құрметпен қарайтын. Тамаша әке еді, екі баласы қалды. Осындай жас әріптестерімізді жоғалтып отырмыз",- деді институттың басты ғылыми қызметкері Нағима Мамедалиева.
"Біз онымен шамамен 20 жыл бұрын ол аспирантураға түсер кезде таныстық. Жақсы дәрігер, профессор, докторлық диссертациясын ерте қорғап қойған еді. Жақсы отағасы, жақсы дос ретінде еске аламыз. Ол кез келген уақытта ауа райына қарамастан жүкті әйелдерге көмек көрсетуге ұшып баратын. Жиі ұшатын, іссапарларда болатын. Әрине, шаршайты. Осылай болғаны өте өкінішті. Біз, дәрігерлер, достары міндетті түрде Шымкенте барып, оны соңғы сапарға шығарып саламыз", - деді орталық директорының бірінші орынбасары әрі Патсаевтың жақын досы Талғат Құдайбергенов.
Айта кетейік, Талғат Патсаев 46 жаста болатын. Артында ұлы мен қызы қалды. Орталық ұжымы оның отбасына бір күндік жалақыны аударуды жоспарлап отыр.
Осыған дейін әуе апатынан қазақстандық белгілі дәрігер-профессорлардың қаза тапқаны хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3 қазанда кешкі уақытта Алматыдан Шымкентке дәрігерлер бригадасы ауыр жағдайда жатқан жүкті әйелге көмектесу үшін аттанған.
Еске салайық, 3 қазанда East Wing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы ұшып шыққаннан кейін 12 минут өткенде радардан жоғалып кеткен еді. Кейін ұшақ Алматы түбінде өртеніп жатқан жерінен табылған. Бортта болған бес адам қаза тапқан.
Показать комментарии
Читайте также