"Олар 8 жыл күтуге де дайын" - мыңдаған қыз Бақытбек Есентаевқа тұрмысқа шығуға ниет білдірді

Бақытбек Есентаев

Мы?да?ан ?ыз ?азір т?рмеде отыр?ан Ба?ытбек Есентаев?а т?рмыс?а шы?у?а ынта білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ба?ытбекті? ?арындасы На?има Есентаева ?зіні? Instagram желісіндегі пара?шасында болаша? же?гесіні? ?андай бол?анын ?алайтынын жазыпты. 

Мыңдаған қыз қазір түрмеде отырған Бақытбек Есентаевқа тұрмысқа шығуға ынта білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бақытбектің қарындасы Нағима Есентаева өзінің Instagram желісіндегі парақшасында болашақ жеңгесінің қандай болғанын қалайтынын жазыпты. 

Нағима Есентаева Tengrinews.kz тілшісіне ағасына жар болуға ниет білдірген қыздардың аз еместігін мәлімдеді. Оларды тіпті Бақытбектің түрмеде отырғаны да тоқтататын емес сияқты. 

"Иә, мыңдаған қыз постқа жауап жазды! Маған жіберген телефон нөмірі қаншама. Қоңырау шалу тоқтайтын емес. 8 жыл күтуге дайын. 25 пен 30 жас аралығындағы қыздар. Бәрі де отбасын құрмаған, баласыз. Болашақта қандай жеңгем болғанын қалайтынымды жазғанмын, бірақ, оны ағам шешеді әрине. Ол түрмеден шығып, махаббатын тауып, үйленеді. Бірінші маған көрсетеді, ұнайтынын не, ұнамайтынын сұрайды. Мен өз жауабымды айтамын. Көпшілігі түрмеге барып, Бақытбекпен некеге тұруға дайын екендерін айтты. Алайда шешімін ағам айтады. Ол кәрі емес қой, жас деуге болады, келбетті, жомарт. Денсаулығы дұрыс", - дейді Есентаева. 

Реклама
Реклама

Қарындасы түрмеде Бақытбек жақсы тәртібі үшін екі рет мадақталғанын айтады. Ол ағасын бір ай бұрын көрген, келесі кездесу үш айдан кейін. 

Сонымен қатар, ол Бақытбектің бұрынғы әйелі Баян мен Тұрсынғалидің некеге тұрғанынан хабардар екенін атап өтті. 

"Бақытбек біледі, Баян тұрмысқа шықты. Ол қарсы емес. Тіпті қуанышты. Баянға ашулы емес. Қыздарымен хабарласып тұрады. Үлкен қыздары жақында АҚШ-тан оралады, бірден әкесімен кездесуге бара алатынын айтқанмын", - дейді Нағима Есентаева. 

Бақытбек Есентаевтың қарындасы Instagram желісіндегі парақшасында болашақ жеңгесінің қандай болғанын қалайтыны туралы жазғанын айта кетейік. 

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 3 қарашасында Бақытбек Есентаев 9 жылға сотталған болатын. "Есентаев Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылды, ал қалған екі бап бойынша ақталған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама