18 ақпан 2021 | 17:08

"Олар білім алуға келген жоқ". Вице-министр 30 жастан асқан студенттер оқитын ЖОО туралы айтты

Фото: elements.envato.com

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов 30 жастан асқан студенттер саны көп ЖОО қызметі күмәнді екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов 30 жастан асқан студенттер саны көп ЖОО қызметі күмәнді екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Студенттер контингентінің жартысы 30 жастан асқан жоғары оқу орындары бар. Яғни, ол студенттер білім алу үшін емес, диплом алу үшін келгенін түсінеміз. Олардың бірінші курстан бастап тұрақты зейнетақы аударымдары бар екеніне, яғни жұмыс істейтініне назар аударғым келеді. Нәтижесінде қандай мамандар шығатынын ойлаңыз", - деп мәлімдеді Дәуленов ОКҚ брифингінде.

Вице-министр студенттер күндізгі бөлімде оқып, әрі жұмыс істейтіндерін айтты. Тексеру олардың сабаққа бармайтынын көрсетті.  

Реклама
Реклама

"Яғни, ол студенттердің іс жүзінде оқымағанын көреміз. Бұл белгілі бір жастағы студенттер оқи алатынын немесе оқи алмайтынын білдірмейді. Бірақ, егер оқуға түссеңіз, оқуға келіп білім алу қажет. Сондықтан мұндай тәжірибе жоғары оқу орындарына күдік тудырады", - деді Дәуленов.

Ол БҒМ жоғары білім беру нарығында қандай жоғары оқу орындары қалып, студенттерге өз қызметтерін ұсынуы қажет екені реттелгенше күте алмайтынын айтты.

Бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында жоғары оқу орындары мен колледждер лицензиясын қайтарып алуы туралы айтты.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, лицензияларын алып қойған ЖОО-дан өткен жылдың қорытындысы бойынша 66 мың студент ауысқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная