ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қараша 2021 | 15:18
Олар мемлекеттік қызметкерлер емес - Ақтөбе облысының әкімі ұсталғандар туралы
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ауыл шаруашылығына арналған субсидияларға байланысты ұсталғандар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ауыл шаруашылығына арналған субсидияларға байланысты ұсталғандар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Орталық комитетте өткен брифингте облыс әкімінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің арнайы операциясы кезінде ұсталғандар туралы сұралды. Журналистің сұрағына жауап бере отырып, Оңдасын Оразалин ұсталғандардың арасында "мемлекеттік қызметкерлер жоқ" екенін айтты.
"Менің білуімше, қылмыстық іс субсидияның 80 пайызы қамтылған күн панелдерін сатып алу және орнату дерегі бойынша қозғалды. Бұл іспен Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы, оның Ақтөбе облысындағы өкілдері айналысты, бірақ олар мемлекеттік қызметкерлер емес. Ақша жымқыру, ұрлау дерегі бойынша айып тағылған. Анығын білмеймін. Бұл іске байланысты құқық қорғау органдары айналыссын. Менің білуімше, осы Ұлттық орталықтан бір-екі адам ұсталды", - деді әкім.
Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне нақты қандай да бір айып тағылмағанын айтты.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында өткізілген ауқымды арнайы операция туралы хабарланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің мәліметінше, қылмыстық топтың қатысушылары субсидиялау үшін бөлінген бюджет қаражатын жымқырумен айналысқан, сондай-ақ, кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алу мен заңсыз сыйақы алудың сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастырған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также