Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті деп танылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Олеся Кексель

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қадағалау органдарында жоғары лауазымдар атқарған Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті деп танылды. Бұл туралы Бас прокуратура Tengrinews.kz сауалына берген жауабында хабарлады.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қадағалау органдарында жоғары лауазымдар атқарған Олеся Кексель азаптау ісі бойынша күдікті деп танылды. Бұл туралы Бас прокуратура Tengrinews.kz сауалына берген жауабында хабарлады.

Бас прокуратура мәлімдемесі

Ол Қылмыстық кодекстің 146-бабы "Азаптау" бойынша күдікті ретінде қаралып жатыр.

Реклама
Реклама

"Бас прокуратура 2025 жылғы 4 шілдеде Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі 1, 2-тармақтары бойынша көзделген қылмысты жасады деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Кексель О.И.-ны күдікті деп таныды", – делінген Бас прокуратура жауабында.

Прокуратура мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу органдары қосымша дәлелдер жинап жатқаны айтылды. Тергеудің мүддесінде іс бойынша басқа мәліметтер жарияланбай отыр.

2019 жылғы Кексельге қатысты тергеу

2019 жылы Бас прокуратураға азаматтан өтініш түскен, онда ол тергеу барысында куәлік беруге мәжбүрлегенін айтып, соған қатысы барлар қатарында Кексельді де атаған. Ол кезде іс жалғасын таппады. ІІМ тергеу қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылғанын хабарлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама