Олеся Кексель екі айға үйқамаққа алынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Олеся Кексель екі айға үйқамаққа алынды Олеся Кексель

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қадағалау органдарында жоғары лауазымдарда қызмет атқарған Олеся Кексель азаптау ісіне қатысы бар деген күдікке ілінді. Сот оны екі айға үйқамаққа жіберді. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Олеся Кексельдің қамауға алынуына қатысты Қойгелдиев былай пікір білдірді:

Жарнама
Жарнама

"Қазіргі уақытта азаптау деректері бойынша соталды тергеу басталды. Жақында ол сот санкциясымен 2 ай мерзімге үйқамаққа алынды".

Қойгелдиев қыркүйекте Кексельге бұлтартпау шарасын таңдау кезінде оның кішкентай баласы бар екені ескерілгенін айтқан еді.

Айта кетейік, Олеся Кексель 2017-2018 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның тергеу департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған, кейін Арнайы прокурорлар қызметін басқарған. 2017 жылы "Жылдың мемлекеттік қызметшісі" атанған.

2025 жылдың жазында Бас прокуратура оның азаптау ісі бойынша күдікті болғанын хабарлаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама