ПОДЕЛИТЬСЯ
08 тамыз 2024 | 09:40
Олимпиадада күміс алған қазақстандық боксшы мен балуан қанша табыс тапты?
Париждегі Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанған қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай мен грек-рим күресінің балуаны Демеу Жадраев 150 мың доллардан сыйақы алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Заң бойынша, бірінші орынға 250 мың доллар, екінші орынға 150 мың доллар, үшінші орынға 75 мың доллар беріледі.
Сондай-ақ, 4, 5 және 6-орынға сәйкесінше 30, 10 және 5 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған.
Осылайша, күміс жүлдегерлер әрқайсы 72 миллион теңгеге жуық табыс тапқан.
Еске салайық, 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Оралбай финалдық белдесуде украиналық Александр Хижнякпен кездесіп, жеңілген болатын.
77 келі салмақта сынға түскен Жадраев финалдық белдесуде жапондық Нао Кусакамен кездесіп, одан жеңіліп қалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также