Олимпиаданы тамашалауға барған қазақстандықтар Сеул әуежайының жертөлесіне қонды

Tengrinews.kz оқырмандары жіберген суреттер

?аза?станды?тар Инчхон халы?аралы? ?уежайында ?амалып ?алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана т?р?ынына сілтеме жасап. Оларды? онда ж?ргеніне екі к?н бол?ан. 

Қазақстандықтар Инчхон халықаралық әуежайында қамалып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана тұрғынына сілтеме жасап. Олардың онда жүргеніне екі күн болған. 

Жазира Таубалдинованың айтуынша, олар Сеулге әкесімен бірге медициналық тексеруден өту үшін және Олимпиада ойындарын тамашалау үшін келген.

"Біз 10 ақпанда келдік. Өз қаражатымызбен тексерілуге және соған қоса, Олимпиада ойындарын тамашалау үшін келдік. Сенбіден бері әуежай аумағында жүрміз. Үстелдерде ұйықтап, асханадан тамақ ішіп жатырмыз, алайда ас мәзірінің көп тамақтарын жей алмаймыз. Барып қайтатын билеттерді, қонақүй бронын көрсеттік, алайда бізді өткізбейді. Себебін де түсіндірмейді. Билеттеріміз бен төлқұжаттарымызды алып алды. Бізді жертөлеге жіберді, шамамен 20-30 шақты қазақстандық азамат осы жерде жүр", - дейді қыз бала.

Реклама
Реклама

Қыздың айтуынша, көптеген қазақстандық бүгін елге қайтып ұшып кеткен.  

"Әкеміз екеуіміздің ертең Астанаға билетіміз бар. Көбінің қайтатын билеті жоқ. Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшілігіне хабарласа алмай отырмыз", - дейді Жазира. 


Инчхон әуежайынан суреттер

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіндегілер осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

"Біздің дипломаттар мән-жайды анықтап жатыр. Өз азаматтарымызға қолдан келген көмекті аяп қалмаймыз. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореяға баратын кездегі ұсыныстармен жіті танысуға кеңес береміз", - деді ведомствоның баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов. 

Корея Республикасына шығып жатқан Қазақстан азаматтарына берілетін кеңестерді мына жерден көре аласыз.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама